Әлем • 18 Шілде, 2023

Ресей Федерациясы астық мәмілесін тоқтатты

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков астық мәмілесі ресми түрде тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресей Федерациясы астық мәмілесін тоқтатты

Песковтың айтуынша, Мәскеудің астық келісімі аясында қоятын талаптары орындалған кезде Ресей бұл мәмілені  қайта қарауға оралуы мүмкін.

Ал РФ СІМ өкілі М.Захарова Ресей бүгін Түркия мен Украинаны, сондай-ақ БҰҰ Хатшылығын астық мәмілесін ұзартуға қарсылық білдіргені туралы ресми түрде хабардар еткенін атап өтті.

Айта кетсек, кеше 17 шілдеде сағат 03:04 және 03:20 шамасында Қырым көпірінде жарылыстар болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, екі адам қайтыс болды, тағы біреуі қатты зардап шекті. Алайда Ресей билігі жарылыстар фактісін ресми түрде растаған жоқ.

Сонымен қатар түбектің губернаторы С.Аксенов Telegram-да Краснодар өлкесінің 145-ші тірек аймағында көпірде төтенше жағдай болғанын жазды. Ол Қырым тұрғындары мен қонақтарын Қырым көпірі арқылы саяхаттаудан бас тартуға және қауіпсіздік мақсатында жаңа аймақтар арқылы балама жол бағытын таңдауға шақырды.