Қаржы • 18 Шілде, 2023

Доллар арзандады

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18 шілдедегі түскі саудада доллар бағамы арзандады. Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,99 теңгеге төмендеп, 444,15 теңгені құрағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Доллар арзандады

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 61,99 теңгені (-0,14) құрады.

Ұлттық банк еуро бағамын 501,73 теңге, рубльді 4,95 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 444,5-447,5 теңге, еуро 497,5-502 теңге, ресей рублі 4,81-5,03 теңге аралығында сатылып жатыр.

Ал 18 шілдедегі аукционда әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстерінің құны 0,10%-ға өсіп, барреліне 78,58 долларды құрады.

NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстері барреліне 0,23%-ға өсіп, 74,25 долларды құрады.