Қоғам • 18 Шілде, 2023

Алматыдан Ұзынағашқа қатынау ақысы көтеріледі

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда қоғамдық көлікпен жол жүру ақысымен қатар қала маңындағы теміржол қатынасының жолақысы да көтеріледі. Атап айтқанда, Алматыдан Ұзынағашқа қатынайтын пойыз ақысы 80 теңгеден 100 теңгеге көтеріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдан Ұзынағашқа қатынау ақысы көтеріледі

«Қазіргі уақытта Алматы қаласының әкімдігі қоғамдық көлікте қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде тарифтерді 100 теңгеге дейін көтеруге қатысты қаулылардың жобаларын әзірлеп жатыр. Осыған байланысты темір жол әлеуметтік тасымалдарына да 100 теңге мөлшерінде шекті тариф белгілеу ұсынылады», делінген қалалық мобилділік басқармасының хабарламасында.

Сондай-ақ аталған бағыттың атауын түзету жоспарланып отыр. Бағыт енді «Қазыбек бек – Алматы 2 – Қазыбек бек» деп аталады.

«Ұзынағаш ауылында орналасқан станцияда «Қазыбек бек» атауы пайдаланылады, бұл Алматы қаласы мәслихатының шешімінде заңды нақтылауды талап етеді. Сондай-ақ маршруттың бағытын нақтылау қажет, өйткені ол 2022 жылдан бастап «Қазыбек бек» станциясынан «Алматы 2» теміржол вокзалына қарай және кері қарай жүреді»,  делінген басқарманың түсіндірме жазбасында.

Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 1 тамызға дейін.