Футбол • 19 Шілде, 2023

Месси «Интер Майамидегі» алғашқы жаттығуын өткізді

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында америкалық «Интер Майами» клубына ауысқан атақты аргентиналық футболшы Лионель Месси жаңа командадағы алғашқы жаттығуы кезінде түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Месси «Интер Майамидегі» алғашқы жаттығуын өткізді

Суреттен аргентиналық футболшы әлі де бабында екенін әрі жаңа командада дебют жасауға дайын екенін көруге болады.

Келісімшарт бойынша Лионель Месси «Интер Майамиде» 2025 жылдың соңына дейін ойнайды, оған бір маусымда 60 миллион долларға дейін жалақы төленеді. Ол америкалық клуб сапындағы алғашқы ойынын 21 шілдеде өткізеді деп жоспарланған. Месси алаңға мексикалық «Крус Асуль» командасына қарсы ойында шығуы керек.

Бірнеше күн бұрын Месси Майамидегі стадионда «Интер» жанкүйерлеріне таныстырылды. Бұған дейін спортшы жаңа клубтың құрамындағы алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізіп, медициналық тексеруден сәтті өткен еді.