Білім • 19 Шілде, 2023

Биыл қандай мамандықтар трендте болды?

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19 шілдеге дейін білім беру гранттарын тағайындау конкурсына 83 мың өтініш келіп түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Биыл қандай мамандықтар трендте болды?

Талапкерлердің басым бөлігі құжаттарын үш республикалық маңызы бар қаланың жоғары оқу орындарына тапсырып жатыр: Алматы (34 мың), Астана (16 мың) және Шымкент (5 мың).

«Талапкерлердің таңдауы ішінде үлкен сұранысқа ие бағыттар қатарында «Педагогикалық ғылымдар» (22 мың), «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» (16 мың) және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» (11 мың) бар. Білім беру бағдарламаларының тобы бойынша, ең көп өтініш «Ақпараттық технологиялар» – 9 мың. Әрі қарай «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» – 5 мың өтініш келіп түскен. Үшінші орында «Медицина» тұр, оны 4 мың талапкер таңдаған», делінген хабарламада.