«Орталық Азияда пайдалану қажет бірегей туристік ресурстар бар. Туризм индустриясы - аймақ экономикасының қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Осыған байланысты біз туристік өнімді мәдени-танымдық, экологиялық, спорттық, сауықтыру және іскерлік салаларда өзара ілгерілетуді дамытуға дайынбыз», деді Президент.
Қасым-Жомарт Кемелұлы айтып өткендей, бүгінде Қазақстан араб мемлекеттерінің Ынтымақтастық Кеңесінің барлық елдері үшін визасыз режим енгізді.
«Бүгінгі таңда Қазақстан араб мемлекеттерінің Ынтымақтастық Кеңесінің барлық елдері үшін визасыз режимді енгізді, елдердің астаналарымен де тікелей әуе қатынасын жолға қойдық.
Мен алға қойған бастамалар Қазақстанның өзара орнықты өсу мен өркендеуді қамтамасыз ету мүддесінде біздің ынтымақтастығымызды нығайтуға деген ұмтылысын растайтынын атап өткім келеді», деп түйіндеді Мемлекет басшысы.