Өнер • 20 Шілде, 2023

Жас өреннің жетістігі

1043 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атыраулық жас өнерпаз Нұршат Құсан «Qazaqstan дауысы. Балалар» мегажобасының жеңімпазы атанды. Оның өнерін тәлімгерлер жоғары бағалады. Оған көрермендердің таңдау ықыласы да ауғаны анық.

Жас өреннің жетістігі

Бұл жобаға қатысуға 6 мыңнан астам үміткер өтінім берген. Солардың арасынан суыры­лып шық­қан Нұршат Құсан музыкалық жо­ба­ның алғашқы кезеңінде композитор Арман Дүй­се­нов­тің «Туған жер» әнін орындады. Сол сәтте оған жас өрен­дердің өнерін бағалауға шақырылған сахна саңлақтарының екеуі назар аударды. Кейін ол эстрада жұлдызы Жұбаныш Жексенұлының тобында өнер көрсетті.

Өнерлі өрен көпбалалы отбасында дүниеге келген. Үлкен сахнада өнер көрсетуді мақсат еткен ол 8 жасынан бері би билейді. Кейін ата-анасы оның әншілік қырын байқап, талабын ұштауға бет бұрған. Атыраудағы Д.Нұрпейсіова атындағы музыка академиясы жанындағы музыка мектебінің оқытушысы Шолпан Маңғыстауованың айтуынша, оның таланты ерте байқалған.

«Өнер жолы оңай емес. Бірақ мен осы жолды таңдадым. Болашақта ән шығаруды жоспарлап жүрмін. Өйткені музыка – менің өмірімнің бір бөлігі», дейді Нұршат Құсан.

Ол би билейді, фортепианода ойнайды, сурет салады. Енді түрлі музыкалық аспаптарда ойнауды үйренгісі келеді. Оның бір арманы бар. Бұл – қазақ елін өнерімен әлемге таныту.

Соңғы жаңалықтар

Туризм табысы еселенді

Туризм • Бүгін, 09:55

Жаңа бастама жемқорлықтың алдын ала ма?

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:40

Адам құқы бала құқынан басталады

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:35