Есірткі • 20 Шілде, 2023

Маңғыстауда есірткінің ірі партиясы тәркіленді

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы ПД есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын сақтаған 29 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz

Маңғыстауда есірткінің ірі партиясы тәркіленді

11 маусым сағат 00:30 шамасында «Қарасора-2023» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Маңғыстау облысы ПД есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 14 шағын аудан мекенжайы бойынша есірткі заттарын сақтады деген күдікпен 29 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. 

Тінту барысында күдіктіден 31,70 гр мефедрон салынған 33 байлам тәркіленді. Автокөлік пен пәтерді тінту кезінде тағы 212 байлам мефедрон тәркіленді.

Сонымен қатар құрамында псилоцибин бар 5 байлам галлюциногенді саңырауқұлақтар табылды. Күдікті есірткіні жасырған тағы бір орынды өз еркімен көрсетіп, ол жерден де 532,34 гр мефедрон тәркіленді.

Барлығы 768,38 гр мефедрон және 165,43 гр псилоцибин тәркіленді.

ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша ПД СДТБТ-де тіркелді. Күдікті УҰИ-ға қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.