Бүгінгі таңда Мойынты – Қарағанды – Астана учаскесінде жолды жөндеу жұмыстары аяқталды. Мұнда кешенді жөндеу 2,5 ай бойы жүргізілді. Жұмыстың ауқымды бөлігі атқарылды.
76 км жол бойында ластанған балласты терең тазарту жүргізілді. Сонымен қатар 78 мың ескі темірбетон шпалдары ауыстырылып, бағыттамалық бұрмалардың 22 жиынтығы төселді. Бұдан басқа рельс бунақтарының тұтастығы бойынша 457 орын қалпына келтірілді. Арнайы машиналарды қолдана отырып, 116 км жолға түзету жұмыстары жүргізілді.
2023 жылдың соңына дейін барлығы 1 126 км теміржол магистралін жөндеу жоспарланып отыр, оның 557 км - күрделі.