Қоғам • 20 Шілде, 2023

Астана мен Қостанай облысында жалған доллар сатылған

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана мен Қостанайда жалған АҚШ доллары сатылғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана мен Қостанай облысында жалған доллар сатылған

«Шарапиев С. есімді күдікті жалған валюта тауып әкелумен айналысса, Жакупов Т. мен Шаймердинов А., Қостанай облысының аумағында, ерлі-зайыпты Бердімұратовтар Астана аумағында таратуды жүзеге асырған.

30 000 жалған доллардың 28 600-і сотқа дейінгі тергеу барысында анықталып, тәркіленді», делінген ҚМА баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ұсталған азаматтарға «Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу» бабымен, сондай-ақ «Алаяқтық» бабы бойынша айып тағылып отыр.

Сот үкімімен Шарапиев С. ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде 5,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына, Шаймердинов А. мен Жакупов Т. орташа қауіпсіздік мекемесінде 5,5 жылға дейін, Бердімұратовтар жұбайлары шартты түрде 5 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды.