1700 метрден астам биіктегі 3 гектар аумақта жартастардағы ағаштарды өрт шарпыды. Орманшылар мен өрт сөндірушілер атпен және ШҚО әуе бөлімшесінің МИ-8 тікұшағының көмегімен өрт орнына жеткен.
«Қазавиаорманқорғау МИ-2 тікұшағы әуеден жағдайды үнемі қадағалап отыр. Қорғаныс министрлігінің МИ-171 және ШҚО әуе бөлімшелерінің МИ-2 тікұшақтары өрт ошақтарына әуеден 19 рет 50 тоннаға жуық су төкті. 155 орманшы, өрт сөндіруші және жергілікті атқарушы органдар, 13 бірлік техника және 3 тікұшақ жалынмен күресіп жатыр», делінген ШҚО ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.