Аймақтар • 21 Шілде, 2023

Мопед мінген пошташы

2587 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Исатай аудандық пошта торабының курьері Жанар Мұханбетова Аққыстау ауылында тұрады. Ол газет-журналды электрлі мопедпен таратып жүр. Жаңа үлгідегі техниканы 200 мың теңгеге сатып алған.

Мопед мінген пошташы

«Көлігімді 2-3 сағат электрмен қуат­тан­ды­рып аламын. Оның қуаты 45 шақырым жол жүруге жетеді. Бұрын газет-журналды жаяу таратып, біраз шаршайтын едім. Қазір жұмы­сым жеңілдеді. Мерзімді басылымдарды жарты күнде таратып шығамын», дейді Жанар Мұханбетова.

Аудан әкімі Полымбет Хасанов мопед мінген пошташымен танысуға бел буыпты. Өйткені оның жұмысы қызықтырған.

– Күн сайын жұмысқа аудандық пошта тора­бының алдында тұрған екі дөңгелекті мопедті көремін. Бұл техниканы кім, қандай мақсатта пайдаланатынын білгім келді. Көліктің иесі – курьер қызметін атқарып жүрген Жанар Мұхан­бетова. Мұндай қарапайым жұмысқа қызы­ғушылық жоқ. Қазір ауданда тағы екі курьер­дің орны бос тұр, – дейді Полымбет Хасанов.

Әкімнің айтуына қарағанда, қарапа­йым еңбек адамдарына қолдау көрсетіліп келеді. Мәселен, былтыр пошта саласында ұзақ жыл газет тасушы болған Қалампыр Сүйеуқызы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. «Әр адамның несібесі өзінің пейіліне байланысты болады ғой. Ниетіміз түзу болса, кез келген жұмыстан бе­ре­­келі табыс табуға мүмкіндік бар. Сол себеп­тен, жас­тарды қызметтің беделіне қарамай, адал­ ең­бек етуге шақырамын» дейді аудан әкімі.

Соңғы жаңалықтар

Туризм табысы еселенді

Туризм • Бүгін, 09:55

Жаңа бастама жемқорлықтың алдын ала ма?

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:40

Адам құқы бала құқынан басталады

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:35