Туризм • 21 Шілде, 2023

Астана мен Алматы қалалары туристік жарна бойынша көш бастап тұр

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері шетелдіктерден жергілікті бюджетке туристік жарна есебінен түскен қаражат сомасы 314 миллион теңгеге жуықтаған, деп хабарлайды  Egemen.kz  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана мен Алматы қалалары туристік жарна бойынша көш бастап тұр

Туристік жарна түсімі бойынша көш басында тұрған Алматы қаласына жалпы соманың 86 пайызы немесе 270,6 миллион теңге тиесілі. Екінші орында тұрған Астана қаласы 37,7 миллион теңгеден артық туристік жарна жинаған.

Туристік жарна төлеу (немесе Bed tax) әлемдік тәжірибе болғандықтан, шетелдіктерге жаңалық емес. Туристік жарна - хостел, жалға берілетін баспаналардан бөлек орналасу орындарында болған әрбір тәулік үшін туристерден алынатын төлем. Туристік жарна мөлшерін жергілікті әкімдіктер белгілеп, қаражат та жергілікті атқарушы органдардың бюджетіне түседі.

«Туристік жарнадан түскен қаражат туристік инфрақұрылымды дамытуға, аумақтарды абаттандыруға, туристік мүмкіндіктерді ілгерілету бойынша іс-шараларды іске асыруға бағытталуы керек. Бұл өңірлерге келетін туристердің санын арттыруға ынталандыратын болады», деді ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.