Сағат 16:45-те құтқару қызметіне Әйтеке би ауданы Аралтоғай ауылынан 3 шақырым қашықтықта жатқан Ырғыз өзеніне 3 жасөспірім қыздың суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Олар тыйым салынған жерде шомылған.
2007 және 2011 жылғы қыздардың денесін оқиға орнында куәгерлер судан алып шыққан. Ал 2013 жылы туған қыздың денесін жедел құтқару жасағының құтқарушылары сағат 21:32-де жағадан 10 метр қашықтықта 6 метр тереңдіктен шығарған.
«Алдын-ала болжам бойынша, 2007, 2011 және 2013 жылы туған 3 қыздың екеуі – Әйтеке би ауданының тұрғындары, үшіншісі Ырғыз ауданынан сол ауылға қонаққа барған. Суға шомылу кезінде бір қыз баланың анасы олардың жанында болған», деп хабарлады Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаменті.