Теннис • 23 Шілде, 2023

Президент кубогіне теннистен халықаралық турнир басталды

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Belline Arena ұлттық теннис орталығында дәстүрлі Президент кубогі халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент кубогіне теннистен халықаралық турнир басталды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстан теннис федерациясының мәлімдеуінше, ATP Challenger Tour сериясы бойынша алдымен ерлер бақ сынасады.

Негізгі турнирде қазақстандықтардан бірінші ракетка болып тіркелген Михаил Кукушкиннің әуелгі кездесуі ресейлік Евгений Тюрневпен өтеді.

Қазақстандық теннисшілер: Дмитрий Попко түркиялық Ақсу Чингизбен, Денис Евсеев жаңазеландиялық Рай Аджитпен, Тимур Мәуленов польшалық  Филипп Пиливомен, Ислам Орынбасар үндістандық Дев Прджвалмен сынға түседі.

Айтулы турнирге арнайы шақырту алған Арысланбек Айтқұлов іріктеу сайысында тәжірибелі өзбекстандық Денис Истоминмен, Виталий Зацепин белоруссиялық Егор Герасимовпен, Григорий Ломакин ресейлік Евгений Филипповпен ойнайды.