Спорт • 23 Шілде, 2023

Азия чемпионаты: Қазақстан каратэшілері 1 орында тұр

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Малайзияның Малакка каласында WKF каратэден ересектер арасында өтіп жатқан ХІХ Азия чемпионатында қазақстандықтар тағы алты медальды қанжығаларына байлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азия чемпионаты: Қазақстан каратэшілері 1 орында тұр

Қазақстан құрамасының қоржыны екі алтын, екі күміс, екі қола медальмен толықты.

Жарыстың екінші күні кумите бағдарламасында тəжірибелі Нұрқанат Әжіқанов (-75 келі) пен Қайсар Алпысбай (-60 келі) чемпион атанса, күміс жүлдеге қол жеткізгендер Мөлдір Жаңбырбай (-50 келі) мен Гүлмира Үсенова (-55 келі), сондай-ақ Данияр Юлдашев (-84 келі) пен Абылай Төлтай (+84 келі)  қола медальдарды жеңіп алды.

Қазақстан құрамасы 3 алтын, 3 күміс, 4 қола медальмен жалпы есепте 1-орында келеді. Келесі орындарда Иран мен Иордания құрамалары тұр.