Құтқарушы • 23 Шілде, 2023

Ұлттық ұлан сарбазы жас спортшыны өлімнен құтқарды

453 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық ұлан сарбазы суға батып бара жатқан 12 жасар баланы құтқарды, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Ұлттық ұлан сарбазы жас спортшыны өлімнен құтқарды

Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Астанадағы студенттік саябақта суға тұншығып, көмекке шақырған баланы қоғамдық тәртіпті бақылап жүрген Ұлттық ұланға қарасты 5573 әскери бөлімінің әскери жасағы өлімнен аман сақтап қалды. 
 
Радиостанция көмегімен патрульдік топтың бастығына хабар бергеннен кейін суға секіріп, баланы құтқарған әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Әлібек Ноғаев.
 
Белгілі болғандай, 12 жасар бала ескек есуден жаттығу барысында жел екпінінен каноэсі аударылғандықтан өлім қатері төніп, суға бата бастаған. Жауынгердің батыл әрі шұғыл әрекеті оны ажалдан арашалады.

Аталмыш әскери жасақтағы жауынгерлердің барлығы елордалық жедел бригада командирінің алғысына бөленді.