Ауа райы • 23 Шілде, 2023

24 шілдеге арналған ауа райы болжамы

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Казгидромет» синоптиктері 24 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

24 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.  Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді.

«Атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен Қазақстан Республикасының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Батыста қатты жаңбыр жауады. Тек оңтүстікте, шығыста, республика орталығында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіледі», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында. 

Күндіз Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Қарағанды, Жетісу және Абай облыстарында, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде +35+43°С қатты ыстық күтіледі.

Күндіз солтүстікте, Алматы облысының орталығында +42°С-қа дейін өте қатты ыстық күтіледі.

Алматы, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, орталықта, Қызылорданың шығысында, Павлодардың оңтүстігінде, Ақтөбенің оңтүстік-шығысында, Маңғыстаудың батысында, Атырау облыстарының батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан, Қостанайдың оңтүстігінде, Ақмола облыстарының оңтүстігінде, солтүстік, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.