Ғылым • 24 Шілде, 2023

Әлемдік мұхиттардың жасылға боялуы қауіпті - ғалымдар

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалыпты көк бояулы әлем мұхиттары жасылға боялып жатыр. Ғалымдар климаттың дәл осы өзгерісі аса қауіпті екенін айтып, дабыл қағып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Turkistan. kz сайтына сілтеме жасап.

Әлемдік мұхиттардың жасылға боялуы қауіпті - ғалымдар

Соңғы жиырма жыл аралығында АҚШ пен Ұлыбритания ғалымдарының зерттеулері нәтижесінде жердегі мұхиттардың 56%-ының түсі жасылданғаны аңғарылған. Мұны олар ғарыштан түсірілген суреттер арқылы көрген. Әсіресе тропикалық аймақтарда анық байқалған.

Nature ғылыми журналында ғалымдардың зерттеулері жарық көрді.

Мұхит түсі беткі қабаттағы өзгеріске қарай құбылады. Заңдылық бойынша, бұл қабатта фитопланктон көп болса, мұхит беті жасыл тарта бастайды.     Аталған құбылыс негізінде әлемді жасылдандыру саясатына келетін секілді болғанымен, оның кері әсері өте қауіпті, ең алдымен бұл мұхиттағы экожүйені құртады, дейді ғалымдар.

Ғалымдардың болжауынша, экожүйе бұзылған сайын ондағы тіршілік жойылады.

Мұхит беті түсінің көктен жасылға қарай өзгеруін ғалымдар әлемдік климаттағы өзгеріспен, соның ішінде жаппай жылынумен байланыстырады.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35