Үкімет • 24 Шілде, 2023

Қазақстанда балаларға арналған мекемелерге тексеру жүргізіледі - Үкімет

200 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова орталық және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева көтерген мәселелер бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда балаларға арналған мекемелерге тексеру жүргізіледі - Үкімет

Вице-премьер мемлекеттік органдардың Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлескен жұмысын үйлестіру мен бірыңғай тәсілдің маңыздылығын атап өтті.

Д. Зәкиеваның әрбір ұсынысы бойынша Премьер-министрдің орынбасары мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді.

Отбасыларды жан-жақты көмекпен қамту жұмыстарын үйлестіру мәселелерін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына бекіту тапсырылды.

Ішкі істер министрлігіне мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, қолайсыз жағдайдағы отбасыларды ерте анықтау бойынша мобилді топтардың жұмысын заңнамалық тұрғыдан бекітуді пысықтау тапсырылды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі отбасы, әйелдер және балалар мәселелері бойынша көмек көрсету үшін Бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығын құрумен айналысатын болады.

Сондай-ақ вице-премьер Оқу-ағарту, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт министрліктеріне әкімдіктермен, Бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілмен бірлесіп, балаларға арналған барлық мемлекеттік ұйымдарды (оңалту орталықтары, интернаттар, балалар лагерлері және т. б.) кезең-кезеңімен жөндеу, материалдық-техникалық базасын жаңарту бойынша тексеру жүргізуді тапсырды.

Т. Дүйсенова Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Білім министрліктеріне облыс әкімдіктерімен бірлесе отырып, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға облыс орталықтарынан тұрғын үй беру мәселелерін пысықтауды тапсырды.

Тамара Дүйсенова балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударуды тапсырды. Түркістан облысындағы соңғы қайғылы оқиғаға байланысты әкімдіктерге Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, жазасын өтеп шыққан азаматтарды қайта әлеуметтендіру бойынша деректер қорын құру тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50