«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде атмосфералық бөліктердің өтуі әсерінен найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Солтүстік пен шығыста бұршақ жаууы мүмкін.
«Солтүстік-батыс антициклонының екпінімен 25-26 шілдеде оңтүстікте, 27 шілдеде еліміздің батыс облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», делінген хабарламада.
Мамандардың болжамына қарағанда, температуралық фон күрт өзгермейді.