Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында келесі санаттар бар:
- Бірінші санат - басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 537 рұқсат,
- Екінші санат - құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 751 рұқсат.
- Үшінші санат - мамандар үшін 6 598 рұқсат,
- Төртінші санат - білікті жұмысшылар 833 рұқсат,
- Маусымдық жұмыстарға тартылған жұмысшылар - 1 940 рұқсат,
- Корпоративтік ауыстыру аясында 2 103 адам тартылды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 751 жұмыс беруші бар. Оларда 433,4 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-ы.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 204 адам (35%), ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 895 адам (13%), тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 346 адам (9%), өңдеу өнеркәсібі – 1 128 адам (7%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 850 адам (6%).
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 729 адам (25%), Өзбекстан – 1 967 адам (13%), Үндістан – 1 461 адам (10%), Түркия – 1 454 адам (10%).