Құтқарушы • 25 Шілде, 2023

Түркістанда болған жол апатында жолаушыларды құтқарған екі азамат марапатталды

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облыстық ПД басшылығы жол апаты кезінде жолаушыларды құтқарған екі азаматты марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz  Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістанда болған жол апатында жолаушыларды құтқарған екі азамат марапатталды

17 шілде күні Ұланбел – Созақ – Шолаққорған – Екпінді тас жолының Шыбыт – Шаян елді мекенінің аралығында 3 көлік соқтығысқан ірі жол апаты болып, салдарынан 10 адам мезгілсіз қаза тауып, 12 адам жарақат алғаны мәлім. Өмірден өткендер саны көп болуы мүмкін бе еді, оқиға кезінде егер өзгелердің жанын арашалай білген қайсар жандар болмағанда. Олай дейтініміз, сол күні апатқа ұшыраған көліктерде болған Мұрат Есенқабылов пен Бақытжан Көксубай қасындағы жүргізушілер мен жолаушыларды құтқаруда батырлық танытқан.

Олардың адам өмірін арашалаудағы батылдығы мен жанқиярлығын қоғам жоғары бағалады.

Түркістан облысы ПД бастығының міндетін атқарушы Бағланбек Айтпаев өз бастарын қатерге тіге отырып, өзгеге жәрдем берген екі тұрғынды арнайы қабылдап, марапаттау шарасын өткізді. Басқаларға үлгі боларлық батылдық танытқан үлкен жүректі азаматтарға барша полицейлер атынан ризашылық білдіріп, Алғыс хат пен бағалы сыйлықтарын табыстады.

Ірі жол-көлік оқиғасын өз көздерімен көріп, куәгер болған азаматтар оқиғаның мән-жайына тоқталды. Сол сәтте тек зардап шеккен азаматтарға көмектесуді ойлағандарын жеткізді. Елімізде мұндай жол апаты болмауын тілеп, жүргізушілерден жол ережесін сақтауды өтінді.