Қаржы • 26 Шілде, 2023

«Sinre System Group» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары ұсталды

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Sincere System Group» (S-Group) компаниясының өкілдеріне қатысты қаржылық пирамида құрып, оны басқарды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Sinre System Group» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары ұсталды

«Қызметкерлер белсенді азаматтардың қатысуымен компанияның қызметін ерте кезеңде тоқтатты.  Бұл алданған инвесторлардың санын азайтуға мүмкіндік берді. S-Group компаниясының өкілдері салымшыларға айына 6%-дан 8%-ға дейін немесе жылына 70%-дан астам жоғары кіріске уәде берген. Депозиттің ең төменгі сомасы $100 құрайды. Сондай-ақ салымшыларды өз артынан тартқан жағдайда соманың 5 пайызы көлемінде кепілдендірілген кіріс қарастырылған. Бұл ретте клиенттерге ақшаны қабылдау фактісін растайтын құжаттар мен келісімдер ұсынылмаған, салым сомасы жеке кабинетте цифрлық түрде көрсетіліп, салынған қаражатты алу мүмкіндігі болмаған», деп хабарлады ведомство. 

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты «қамау түріндегі» бұлтартпау шарасы санкцияланды.

ҚМА қызметкерлері ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептелетінін еске салды.