Аймақтар • 26 Шілде, 2023

Шымкентте заңсыз құрылыс жүргізгендерге 81 млн теңге айыппұл салынды

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте заңсыз құрылыс жүргізгендерге 81 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Сәулеттік-жобалау талаптарын бұзып, бейберекет құрылысқа қатысты 165 хаттама толтырылған. Бұл туралы Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте заңсыз құрылыс жүргізгендерге 81 млн теңге айыппұл салынды

Мамандар шаһар тұрғындары тарапынан арыз-шағым көбейгенін алға тартты. Себебі тұрғын үй кешендерінің маңында аяқ алып жүретін жер мен автокөліктердің тұрағына орын қалмаған. Сонымен қатар уәделі әлеуметтік нысандардың учаскесінде өзге де ғимараттар салынып, қоршауға алынған. Тексеріс нәтижесінде заңсыз салынған 31 нысанды сүру туралы шешім қабылданды.

«Қазір құрылыс нысандарын бұзу бойынша 31 материал сотқа жолданған. Оның 18-іне мәжбүрлеп бұзу туралы сот шешімі шыққан. Төртеуі сот шешіміне сәйкес бұзылды. Қазіргі таңда тағы төртеуі аппеляциялық сотта қаралып жатр», деді Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Нұрдәулет Құрбанбекұлы.