Аталған кездесулерге РАТТ мүшелерінен (теологтар, дінтанушылар) – Омаров Т.Г., Укенов А. С., Нұрадинов А. С., Батырханов А.Е. тартылды.
РАТТ мүшелерінің қатысуымен Павлодар, Екібастұз, Аққулы, Ақсу қалалары мен Железин және Кеменгер ауылдарында әскери бөлімнің қызметкерлерімен, «Ақмешіт» мешітінің жамағатымен, жұмыспен қамту орталықтары мен сауда орталықтарында өзін-өзі жұмыспен қамтығандармен, «Батыр» жекпе-жек спорт мектебінің жаттықтырушылары мен жас спортшыларымен, түзету мекемелерінде жазасын өтеушілермен, Екібастұз қ «KEGOC электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ филиалы «Северный ЖЭТ» мекеме қызметкерлерімен, Солнечный ауылдық аймақтың әкімдігінің мәжіліс залында қызметкерлерімен және т.б. семинарлар мен кездесулер өткізілді.
Өткізілген іс-шараларда облыс тұрғындарына Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпарат берілді.
Тыңдаушылар тарапынан да РАТТ мүшелеріне бірқатар сұрақтар қойылып, сауалдарға тұжырымды жауаптар алынды.