Атап айтқанда, 1 доллар – 444,29 теңге, Ресей рублі – 4,94 теңге.
Кеше кешке Қазақстан қор биржасында өткен сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,72 теңгеге төмендеп, 444,35 теңге болған. Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 443,6 – 447,6 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 444 – 447,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,83 – 5,03 аралығында сатып алуға болады.