Ми-8 тікұшағы Қазақстанмен шекарада орналасқан Алтай Республикасы, Көксу ауданы Тыңғыр елді мекенінде қонып, өртеніп кетті.
Бұл туралы Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Алтай Республикасы бойынша Бас басқармасының Telegram-арнасы хабарлаған.
«Оқиға орнында өрт сөндіру және авариялық-құтқару бөлімшелері жұмыс істеп жатыр. Қосымша ақпарат анықталып жатыр», делінген хабарламада.
Алдын ала болжам бойынша, тікұшақ электр сымдарына тиген.
Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, Ми-8 бортында 13 адам болған. Оның алтауы көз жұмған.