Министрдің айтуынша, «Қазақстан Республикасының ғылым мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында көзделген норма аясында ғылыми атағы бар ғылыми қызметкерлерге үстемеақы мөлшерін арттыру көзделген.
Биылдан бастап ғылыми атақ болған жағдайда келесі мөлшерде үстемеақы белгілеу көзделіп отыр:
- Ғылым кандидаты, философия докторы және бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі бар қауымдастырылған профессор үшін 25 еселенген АЕК (бұрын 17 АЕК);
- Ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар қауымдастырылған профессор үшін 42 еселенген АЕК (бұрын 34 АЕК);
- Ғылым кандидаты, философия докторы, бейіні бойынша доктор, ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар профессор үшін 50 еселенген АЕК (бұрын 17 АЕК).