Көрме • 28 Шілде, 2023

Суретші мен әнші кездессе...

227 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қарағандының орталық сая­бағында «Қарағанды келбеті» атты суретшілер көрмесі мен «Jastar fest» жас әнші-ақын­дардың кездесуі өтті. Шырайлы шараны Қазақстан Жазушылар одағының облыстық филиалы қалалық әкімдіктің қолдауымен өткізді.

Суретші мен әнші кездессе...

Көрмеге Бұқар жырау, Қар­қабат ана ескерткіштерінің авторы, Сурет­шілер одағының мү­шесі Бейбіт Мұс­тафин бас­таған қылқалам шебер­лері­нің туындылары қойылды. Қала тұр­ғын­дары қала кел­бетінен бөлек, тарихи тұлға­лардың да портрет­терін тамашалады. Майлы кенеппен де, қара­пайым қарындашпен де салын­ған суреттер бар. Да­рынды суретшілер Жаңабек Жұма­беков, Марьяна Ма­кеева, Жәмила Оспанова, Шам­­шы­рақ Серік кеш қызы­ғын тамашалауға келген кө­рер­мендердің портретін салып берді. Ерсін Темір­ғалиев саябаққа көшпелі шеберханасымен келіп, қыштан құмыра жасады.

Белгілі шебер Бейбіт Мұс­та­финнің айтуынша, мұндай көрмелер жиі өтуі керек. Өйт­кені музейге елдің көбі бара бермейді.

«Мұндай шаралар халық мәдениетін өсіруге аса қажет. Адам суреттен эстетикалық ләз­зат алады. Ал өнерді түсі­ніп, бағалайтындардың жүрегі әрқашан ояу», дейді Бейбіт Мұстафин.

Көрмеден бөлек «Jastar fest» ая­сын­да сахнада жас ақын­­дар өлең оқып, әншілер ән шыр­қады.

«Бұл шараны тамаша­лауға кел­ген­дердің қарасы қа­лың. Осыған қа­рап, қарағанды-
лықтардың өнерге деген сүйіс­пеншілігін байқауға болады. Көрерменнің талғамы биік. Суретшілер қылқаламмен, ақын­дар сөзбен, әншілер әуен­мен сурет салады. Сол өнер өкіл­дерінің басын қосу – өте жақсы идея», дейді жас ақын Мағжан Асқар.

Әншілер әсем ән шырқап, көрер­менге керемет көңіл күй сыйлады. Талғамы биік тыңдарманның көңілінен орын алған классикалық әуендер де орындалды.

Мұндай форматтағы кеш Қара­­ғандыда бірінші рет ұйым­дастырылып отырған жоқ. Осыған дейін де ақындар мен ән­шілер орталық саябақтың сахнасында әдеби-сазды кештер өткізген. Мұның бәрі – Қазақстан Жазушылар одағы мен қала әкімдігінің бірлесе жүзеге асырған жобалары.

 

Қасымхан ҒАЛЫМ,
«Egemen Qazaqstan»