Денсаулық • 28 Шілде, 2023

Сенім және денсаулық

299 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Емделуші барлық дәрігерге сене бермеуі мүмкін, бірақ ақ халатты абзал жанмен өзара жақсы түсініскен кезде сыр­қат­тың әу бастағы қорқынышы ақырындап басылады. Егер ем­делуші өзін еркін сезінсе, ал дәрігер оның жан дүниесін баурай алса, онда ол денсаулығы жайлы ашық әңгімеден қаш­қақ­тамайды.

Сенім және денсаулық

Пациент медициналық кө­мек­ке жүгінген кезде оның дә­рі­герге деген сенімі  үлкен рөл атқарады. Дертіне дауа іздеген жанға жеке әрі құпия медициналық ақпаратты ашудан бастап, дәрігерлік тексерулерден өтуге және ұсынылған ем-домға дейінгі үдерістердің әр кезеңінде мықты сенім қажет. Осы ретте олардың сеніміне әсер ететін ең маңызды факторлар атап өтке­німіз жөн.

Біріншісі – хабардар болу және сенім. Егер емделуші дәрігер­ді өзін біледі және жағ­дайымен жақсы таныс деп есептесе, онда медицина қыз­мет­ке­ріне толықтай сенеді. Бұл пациенттердің құпия ақпа­рат­қа көбірек сенуіне және оларды сәтті ем үшін толық бойұсынуларына алып келуі мүмкін.

Екіншісі – мәдени құзырет­тілік. Әлеуметтік-мәдени детерминанттар пациенттердің сенімінде маңызды рөл атқара­ты­ны көрсетілген. Көптеген емделушілер егер мамандар мәдени мәселелерде сауатты болса және олардың шығу тегі, жеке басы, өмірлік тәжірибесі немесе тілдері ортақ болса, сенуге бейім болады дейді. Олар үшін қауіпсіз және жайлы жағдай жасай алатынына және олардың мәселелеріне байыпты қарайтындығына сенім арта алады.

Үшіншісі – тиімді қарым-қаты­нас дағдылары. Күшті тұл­ғааралық дағдылар қарым-қатынас орнату үшін өте маңызды.

Төртіншісі – сыйластық және құпиялылық. Егер пациенттер дәрігерлер оларды құрметтейді, жанашырлық танытады және мәселелеріне шынайы қамқорлық жасайды деп сенсе, онда маманды байыпты қабылдауға және олардың айтқанын тыңдауға да­йын деген сөз. Сондай-ақ олар өзі туралы ақпаратың толық құпия сақталатындығына сенімді болса, соғұрлым көбірек сенім артады.

Медициналық сауаттылық АИТВ-ны анықтау, емдеу үшін маңызды және ұзақмерзімді, сенімді қарым-қатынасқа негіз болады. Дерттің алдын алудың сенімге негізделген бөлімдерінің бірі – АИТВ-инфекциясы орталығының сенім пункті. Сенім пункттері өз қызметтерін ерік­тілік, құпиялылық және ано­нимдік қағидаттары аясында ақы­сыз негізде ұсынады.

Сенім пункттері АИТВ-ның инъекциялық есірткіні тұты­нушылар (ИЕТ) арасында та­ралуының алдын алу жұ­мыс­та­рын жүзеге асырады:

1) ИЕТ стерильді шприцтерді, дезинфекциялау заттарын, сақтық құралдарын, санитарлық-ағарту әдебиеттерін, пайдаланылған шприцтерді жинау мен кәдеге жаратуды ұсыну;

2) ИЕТ АИТВ-инфекциясы, бей-берекет төсек қатынастары арқылы жұғатын инфекция­лар, АИТВ жұқтыру қаупін төмендететін мінез-құлық нысандары, АИТВ-ға тестілеу туралы ақпарат беру;

3) АИТВ/ЖИТС мәсе­ле­лері бойынша психо­әлеу­мет­тік консультация, сон­дай-ақ наркологтердің, дермато­ве­не­рологтердің, терапевт­ер­­дің, фтизиатр­лардың және пси­хо­лог­­тердің консультацияларын жүр­­гізу;

4) мамандандырылған, бі­лікті медициналық көмек алу үшін ИЕТ-ті мемлекеттік меди­ци­налық ұйымдарға жіберу;

5) ИЕТ-ге профилактикалық және өзге де көмек көрсететін мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарда бар ақпарат беру;

6) АИТВ, ЖЖБИ, В және С вирустық гепатиттеріне зерттеу үшін қан алу.

Сенім пункттеріне жұмысқа еріктілер тартылады, олар өз еркімен ИЕТ-ке көмек көрсетеді. Анонимділікті, құпиялылықты, қайталану ықтималдығын ба­рын­ша азайтуды және қал­пына келтірудің жеңілдігін қамта­масыз ету мақсатында сенім пункті клиентінің біре­гей сәй­кес­тендіру коды қолда­ны­лады.

Астана қаласында сенім пункт­­тері мына мекенжай бойынша жұмыс істейді: И.Есенберлин 5/1, тел: 8 (7172) 27-95-04; Е.Брусиловский 4, тел: 8 (7172) 42-80-92.

 

Қымбат САПАБЕКОВА,
«Алдын алу орталығы» МКҚК
Астана қаласы әкімдігінің АИТВ инфекциясы»
сенім пунктінің медбикесі