Экономика • 28 Шілде, 2023

Доллар сәл қымбаттады

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,37 теңгеге көтеріліп, 444,72 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Доллар сәл қымбаттады

Қытай юанінің орташа бағамы да өсіп, 62,29 теңге (+0,23) болды.

Ұлттық банк еуро бағамын 492,01 теңге, рубльді 4,94 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 444-447 теңге, еуро 494-498 теңге, ресей рублі 4,85-5,09 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал 26 шілдедегі саудада мұнайдың әлемдік бағасы кешегіден қайта көтерілді.

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстерінің құны барреліне 83,66 доллар болды, бұл алдыңғы сессияның жабылу бағасынан 0,89%-ға жоғары.