Тағайындау • 28 Шілде, 2023

Актер Азамат Сатыбалды жаңа қызметке тағайындалды

5306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Азамат Сатыбалды Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Актер Азамат Сатыбалды жаңа қызметке тағайындалды

Азамат Сатыбалды 1977 жылы 2 қарашада, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданында дүниеге келген.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын театр және кино актер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылдың маусым айында Қостанай облыстық қазақ драма театрында артист лауазымынан бастады.

2001 жылдың қарашасынан бастап 2018 жылдың желтоқсанына дейін М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында актер болып қызмет атқарды.

2013 жылдың желтоқсаннан бастап 2018 жылдың тамызына дейін «Қазығұртфильм» ЖШС кадр және шығармашылық жұмыс жөніндегі атқарушы директоры болды.

2018 жылдың желтоқсаннан бастап 2022 жылдың ақпанына дейін Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры лауазымын атқарды.

2022 жылдың ақпанынан бастап осы уақытқа дейін Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметін атқарды.