Қазақстан • 30 Шілде, 2023

Түркі елдерінің бірегей кәсіподақ ұйымы құрылады

1152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әзербайжан, Қазақстан, Түркия және Өзбекстанның Ұлттық кәсіподақ орталықтары Әзербайжанның Шуша қаласында  бірегей құрылым - Түркі елдерінің кәсіптік одақ ұйымын құру туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркі елдерінің бірегей кәсіподақ ұйымы құрылады

Фото: ҚР Кәсіподақтар федерациясы

Келісімге Әзербайжан Кәсіподақтар конфедерациясының төрағасы Саттар Мохбалиев, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин, «Türk-İş» Түрік кәсіподақтары конфедерациясының президенті Ергюн Аталай, Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Бахтиер Махмадалиев қол қойды.

Қырғызстан Ұйымға бақылаушы мәртебесінде қатысады. Жаңа құрылымның негізгі мақсаты – еңбеккерлердің әлеуметтік, еңбек, кәсіптік, экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі іс-шараларды біріктіру.

Салтанатты шарада сөз сөйлеген Әзербайжан, Қазақстан, Түркия және Өзбекстанның кәсіподақтар конфедерациясының төрағалары ұйымның маңыздылығын бірауыздан атап өтті.  

Алдағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының қатарында алдыңғы қатарлы кәсіподақ тәжірибесін ілгерілету, тәжірибе алмасу және жалпы түркі мемлекеттерінің еңбек нарығындағы жағдайды өзгерту жайында айтылды.

Ұлттық кәсіподақ орталықтарының басшылары жаңа құрылымның құрылуы әр елдің кәсіподақ қозғалысы өміріндегі айтулы оқиға екенін атап кетті.  

Әзербайжан, Қазақстан, Түркия, Қырғызстан және Өзбекстан ұлттық кәсіподақ орталықтарының басшылары «Шейіттер» аллеясындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, Бакудегі Құрмет аллеясында болып, Әзербайжанның тұңғыш Президенті Гейдар Әлиевтің рухына тағзым етті.