Күндізгі сауданың нәтижесінде АҚШ долларына қатысты орташа сараланған теңге бағамы 0,42 теңгеге көтеріліп, 446,07 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 29-31 шілдедегі бір долларға арналғар ресми бағамы 445,68 теңгені құрайды.
Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 444,06 теңгеден сатып алынып, 448,12 теңгеден сатылып жатыр. Алматы биржаларында долларды орташа сатып алу – 444,45 теңге, сату – 447,03 теңге.