Елорда • 01 Тамыз, 2023

Астананың айналма жолы

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорданың айналма жолындағы теміржол үстінен өтетін автокөлікке арналған көпірге күрделі жөндеу жұмыстары басталғалы сол бағыттағы көлік кідірістері көбейіп, жұртқа қолайсыздық тудырып келгені рас. Ендігі бір қуанарлығы, аталған жолдың құрылысы мерзімінен бұрын аяқталып отыр.

Астананың айналма жолы

«Астана қаласының үлкен айналма жолының» 4-ші шақырымындағы теміржол арқылы өтетін өткелде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғалы тұр. Бұл өткел апатты деп танылғаны мәлім. Қазір негізгі құрылыс-монтаждау жұмыстары толықтай аяқталған. Атап айтарлығы, жол өткелі толық дерлік жаңадан салынды.

Сөйтіп, негізгі құрылымдары нығайып, бұ­рын­ғыдан әлдеқайда жақсара түскен. Қазіргі уақытта жайластыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жол өтпесінде төрт жолақты қозғалыс қамтамасыз етілді. Көлік қозғалысының болжамды қарқындылығы тәулігіне 19-20 мың авто­көлікті құрамақ.

Күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижесінде Р-10 тасжолының өткізу қабілеті артып, кө­ліктер мен пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі қам­тамасыз етілмек. Құрылыс-монтаждау жұ­мыстары белгіленген уақыттан бұрын аяқ­талды.