Футбол • 01 Тамыз, 2023

Криштиану Роналду рекордын жаңартты

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Португалия құрамасы мен саудиялық «Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду баспен соғылған гол саны тұрғысында рекорд орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Криштиану Роналду рекордын жаңартты

Фото: Sport.kz

Chamhion.com сайтының жазуынша, араб чемпиондары клубтары кубогының ресми топтық кезеңіндегі «Монастир» командасына қарсы ойында (4:1) гол соққан.

Осылайша ресми матчта баспен 145-гол соққан Криштиану Роналду кезекті рекордын жасады. Оған дейін үздік көрсеткіш 144 гол соққан неміс шабуылшысы Герд Мюллерге тиесілі болған екен. Ал үшінші орында 125 рет  гол соққан испаниялық Карлос Сантильян болды.