Ведомство құжат қабылдау төрт ай, яғни 1 сәуірден 1 тамызға дейінгі аралықта жүргізілгенін еске салды.
«Осы мерзім ішінде қазақстандықтардан 377 681 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 339 880 оқушы бірінші сыныпқа қабылданды. Өтініш берішулердің 70,7% мектепті мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірді. Құжаттарды қабылдау еgov.kz электронды порталы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы іске асырылды», делінген хабарламада.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бірінші сыныпқа қабылданушылардың ең жоғары көрсеткіші Шымкент қаласында (99,3%), Павлодар (97,6%), Шығыс Қазақстан (96,6%) облыстарында тіркелді.