Әлем • 01 Тамыз, 2023

Тәліптер музыкалық аппаратура мен аспаптарды өртеп жіберді

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Талибан» экстремистік қозғалысының өкілдері (Қазақстанда тыйым салынған) жалпы бағасы мыңдаған долларды құрайтын музыкалық аппаратуралар мен аспаптарды өртеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тәліптер музыкалық аппаратура мен аспаптарды өртеп жіберді

Фото:sharij.net

Герат провинциясындағы тәліптердің діни полициясы музыкалық аппаратуралар мен аспаптардың көп бөлігін той өтетін орындардан тәркілеп, өртеп жіберген.

Тәліптердің пікірінше, музыка моральдық азғындауға әкеледі.

2021 жылы ел билігін өз қолдарына алған тәліптер көп нәрсеге тыйым салғаны мәлім – соның ішінде көпшілік алдында музыка орындауға да тыйым бар.

Тәліптер үшін музыкамен күрес жүргізу үйреншікті іс болса керек. Мәселен, 1990-2001 жылдары олар қоғамдық шараларда, радио мен телеарналарда кез-келген музыканы орындауға тыйым салған екен.