Қоғам • 01 Тамыз, 2023

Түркияда көз жұмған Қазақстан азаматының жеке басы анықталды

3180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жексенбіде Түркияда жол апаты болып, зардап шеккен қазақстандықтардың бірі ауруханада көз жұмғаны хабарланған еді. Қайғылы оқиға салдарынан Маңғыстау облысының тұрғыны қайтыс болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркияда көз жұмған Қазақстан азаматының жеке басы анықталды

Lada басылымының жазуынша, 49 жастағы маңғыстаулық заңгер Кенже Мұңайтпасұлы Түркияның Алания қаласында болған жол апаты салдарынан көз жұмды. Маңғыстау облыстық адвокаттар алқасы президиумының төрағасы Бауыржан Мұсаев марқұмды еске алып, жақындарына көңіл айтты.

Кенже Мұңайтпасұлы 2018 жылдан бастап адвокаттық қызметпен айналысқан. Ол 2002-2013 жылдар аралығында прокуратура органдарында жұмыс істеген.

«Кенже Мұңайтпасұлының қайтыс болғаны туралы хабар бізді қатты қайғыртты. Осы қиын сәтте өкінішімізді жеткізу үшін көңіл айту жеткіліксіз. Ол адал заңгер, ерекше кәсіби маман болған. Оның өмірден өтуі – біздің қоғам үшін орны толмас қайғы. Оның таланты мен жанкештілігі ешқашан ұмытылмайды. Кенже Мұңайтпасұлының отбасына достары мен туыстарының қолдауы қайғыны еңсеруге көмектеседі деген ойдамын», деді Бауыржан Мұсаев.

Еске салайық, ҚР Сыртқы істер министрлігі 30 шілде күні таңертең Аланияда шағын автобус жол апатына ұшырағанын, оның ішінде Қазақстанның 12 азаматы болғанын хабарлаған еді.