Спорт • 02 Тамыз, 2023

Варшавадан – бес жүлде

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Польшаның бас шаһары – Варшава­да ұйымдастырылған әйелдер күресі­нен XXVII Poland Open халықара­лық турнирі өз мәресіне жетіп, жерлес­тері­міз байрақты бәсекеде 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

Варшавадан – бес жүлде

Спортты дамыту дирекциясының мәлі­меті бойынша, Польша бозкілеміндегі бәсе­келерде жерлестерімізден Ирина Казюлина (65 кг) мен Анастасия Панасович (72 кг) бас жүлде үшін өткен белдесулерде қар­сыластарына жол беріп, күміс жүлдемен күптелді. Атап айтқанда, Ирина Казюлина финалдық бәсекеде украиналық Юлия Леско­вецтің осал тұсын таба алмаса, Анас­тасия Панасович франциялық Кендра Огюстен Джоселин Дачерге есе жіберді.

Сонымен қатар Айнұр Әшімова (55 кг), Диана Каюмова мен Гүлдана Бекеш (59 кг) өз салмағында қола жүлдеге ие болды. Жалпыкомандалық есепте Польша құра­масының балуандары көш бастаса, Қазақстан мен Канада спортшылары үздік үштіктің қатарынан көрінді.