Экономика • 02 Тамыз, 2023

Инфляция баяулай түсті

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылғы шілдеде жылдық мәндегі инфляция деңгейі 14% болды. Азық-түлік тауарларының бағасы 13,5%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 15%-ға, ақылы қызметтер 13,6%-ға өскен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Инфляция баяулай түсті

2022 жылғы шілдемен салыс­тырғанда кеңсе тауарлары – 64,4%, күріш – 44,3%, қантсыз қою­лан­ды­рылған сүт – 42,4%, күндізгі ста­ционарлық емдеу – 40,8%, ыдыс жууға арналған құралдар – 37,4%, кір сабын – 35,9%, қырыққабат – 27,5%, тосап, джем 25,9%-ға қымбаттады. Керісінше, жылдық мәнде құмшекер – 17,4%, қарақұмық жармасы – 10,5%, күнбағыс майы – 4,7%, қызылша – 6,1%, сәбіз – 3,4%, картоп 1,3%-ға арзандаған.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Қызметтер мен тауарлардың тариф­тері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша бақыланады. Баға­ларды тіркеу барлық облыс орта­лығында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгілі бір шеңберінде әртүрлі меншік нысанындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктемелі желісі бойынша жүргізіледі.

Жалпы алғанда, тамақтану өнімдері мен алкогольсіз сусындар, тұрғын үй қызметтері, киім және аяқкиім, әртүрлі тауар мен қызмет жылдық инфляцияға ерекше үлес қосқан.

Сарапшылардың айтуынша, сер­вистік қызметтер есебінен айлық инф­ляция өсімін есепке алмағанда, тұты­нушылық инфляцияның әрі қа­рай да баяулауы байқалады. Өткен айдан бері жанар-жағармай және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық баға­ла­ры қымбаттай бастады. Бұл да өз ке­зегінде баға өсімінің баяулауын те­жейді.

Соңғы жаңалықтар

Сарқырама тоқтаған күн

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Әлемге һәм елге әйгілі

Өнер • Бүгін, 08:20

Нобель, Букер және біз

Руханият • Бүгін, 08:15

Бір сағаттағы үш мереке

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Манасты қазақша жырлаған

Руханият • Бүгін, 08:05

Жарқыра, жұлдыз!

Өнер • Бүгін, 08:02

Әнге айналған тағдыр

Театр • Бүгін, 07:57

Сиқырлы пошта

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Мың баланың қуанышы

Қоғам • Бүгін, 07:45

Жаңа жыл алдындағы ғажайып

Қоғам • Бүгін, 07:40

Бүлдіршіндер шаттанған шақ

Балалар • Бүгін, 07:35

Алма мен Аяз ата

Қоғам • Бүгін, 07:30