Үкімет • 02 Тамыз, 2023

Ауғанстанның бизнес-делегациясы Астанаға келді

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Астанаға Ауғанстанның өнеркәсіп және сауда министрі Нуриддин Азизи бастаған 210 адамнан тұратын бизнес-делегация келді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауғанстанның бизнес-делегациясы Астанаға келді

Қонақтарды әуежайда ҚР Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин күтіп алды. 

Делегация қатарында Ауғанстанның Орталық банкінің басшылары, ірі жеке меншік банктердің, «Да Афганистан Брешна Шеркат» (DABS) энергетикалық компаниясының, «Афган телеком» (AfTel) телекомуникациялық компаниясының, ауыл шаруашылығы өнімдері мен мал шаруашылығы палатасының, сауда-инвестициялық палатасының, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, фармацевтика, өнеркәсіп, көлік-логистика, инженерлік, тоқыма және басқа компаниялардың өкілдері бар.

Айта кетсек, бүгін, 2 тамызда Қазақстан және Ауғанстан компанияларының презентациялары, B2B келіссөздері өтеді. Ал ертең, 3 тамызда бизнес-форум жұмысын бастайды, 4 тамызда елорда тұрғындары мен қонақтары ауған тауарларының көрмесін (EXPO, Конгресс-орталық) тамашалай алады. Көрмеде Ауғанстаннан түрлі азық-түлік, мыс ыдыстар, мәрмәр, кілемдер, зергерлік бұйымдар мен басқа да тауарлар ұсынылады.