Аймақтар • 02 Тамыз, 2023

Ақкенттегі өрт кезінде көз жұмған әйелдің отбасына көмек көрсетіледі

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алатау ауданының әкімдігі Алматыдағы өрт кезінде көз жұмған азаматтардың жақындарына қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақкенттегі өрт кезінде көз жұмған әйелдің отбасына көмек көрсетіледі

«Қайғылы оқиға Бекмұхамбетовтер отбасын қызынан айырды. Алатау ауданының әкімдігі марқұмның жақындарына моральдық және материалдық көмек көрсетеді», делінген хабарламада.

Әсел Бекмұхамбетованы жерлеу рәсімі Алматы облысының Қаражота ауылында өтеді. Аудан әкімдігі жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмектеседі.