Мәселен, «Дәстүрлі ән» аталымында «Наркескен» домбырашылар ансамблі бірінші жүлдеге ие болды. Ал Бақдәулет Бисенбай, Ахмет Байтұрсын, Ақбота және Баян Байболат секілді домбырашылар үздік деп танылды.
«Біз Грузиядан кейін Zhuldyz art Kazakhstan халықара-
лық байқауына қатыстық. Бұл байқауда да сәтті өнер көрсеттік, – дейді өнерлі балаларды дайындаған ұстазы Алтын Жұматина. – Мектебіміздің оқушылары «Вокал», «Халық әні», «Домбыра» аталымында жүлделі орындарды иеленді. Эстрадалық ән орындауда бас жүлдені Назерке Манарбек, Айзере Ғазизова, Манас Мақсат, Нұрмұхамед Досқали жеңіп алды. Жас әнші Арыстан Нығметолла мен «Ақсұңқар» халық ансамблі беделді халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды. Сондай-ақ қазылар алқасы Айару Тұрсынғали мен Әмина Владимир құрған «Алтын-Алма» би дуэтінің өнеріне бірінші жүлдені берді.