Балалардың сағаттап ғаламтор кеңістігінде отыруының денсаулығына орасан зор зардабы тиетіні белгілі. Бұдан да сорақысы – ғаламтор желісінде баланың әлі қатпаған психикасын бұзатын ойындар, бейнероликтер, трендтер қолжетімді болып, ата-ананың орнына «тәрбие беріп» жатыр. Мұның тек қана сана улау екені айтпаса да түсінікті.
Смартфон экранының сыртында отырғандар балалардың аңқаулығын пайдаланып, оларды түрлі тыйым салынған ұйымдарға, секталарға кіргізіп, миын улайды. Сеніміне кіріп, құлдыққа, донорлыққа сатып жіберетін ұйымдар да жетіп артылады. Олардың қармағына әр баланың түсу қаупі бар. Тіпті әлеуметтік желілердегі педофильдердің өзі қаншама баланың, жасөспірімнің жанына жазылмас жара салып жатыр. Өкінішке қарай, біздің қоғамда бұл зардапты мәселені ешкім қолына нақты алып, шешуге тырысып жатқан жоқ. Осылай жалғаса берсе, бұл мәселе әлі ұзақ уақыт бойы өзекті болып қала беретіні сөзсіз.
Ал жоғарыда айтылған U SANA спектаклі сіздің балаңызға тек жақсы көңіл күй сыйлап қана қоймай, оның жақсы мен жаманды ажыратуына ықпал етеді. Балалар ұлттық құндылықтарды қастерлеуді үйреніп, желіде неше түрлі қауіп-қатердің барын біліп шығады. Өз балаңыздың тәрбиесімен дәл осы сәттен айналыса бастаңыз. Әйтпесе тым кеш қалуыңыз мүмкін.