Экология • 03 Тамыз, 2023

Екі қалада ауаның ластану деңгейі жоғары

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейсенбі, 3 тамызда синоптиктер Алматы мен Ақтөбенің ауасында зиянды заттардың нормадан жоғары болатынын болжап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екі қалада ауаның ластану деңгейі жоғары

«Қазгидромет» мамандарының айтуынша, 3 тамызда Алматы мен Ақтөбе тұрғындарын қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіп тұр. Ауадағы зиянды қоспалардың мөлшері артады.

Қолайсыз ауа-райы жағдайлары (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМА жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).

Осы күні синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды. 11 облыста аптап ыстық, кей өңірлерде 41 градусқа дейін ыстық болады.