Қоғам • 03 Тамыз, 2023

Қоғамдық тәртіпті бақылайды

221 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Осы жылы әскерге шақырылған сар­баз­дардың алғашқы легі жақында ғана әскери ант қабылдап, елорда аудандарында қызметін бастады. Олар құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын құқыққа қайшы және өзге де қылмыстық әрекеттерден қорғай отырып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етпек.

Қоғамдық тәртіпті бақылайды

Күн сайын елордалық жедел­ бри­гаданың мыңнан астам әскери қыз­­метшісі – офицерлер, сержанттар мен сарбаздар 2 ауысымда елорданың 5 әкімшілік ауданында қызметке кіріседі. Жауынгерлік қызметтің бірінші күні бөлім командирінің бірінші орын­басары – штаб бастығы, пол­ковник Ержан Әбдіқалықов жас­ сарбаздардың қызметіне табыс­ тіледі.

Сондай-ақ әскери қызмет­шілерді Астана қаласы жер­гілікті полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Ержан Әділбеков және 5573 әскери бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрағасы, запастағы подполковник Абай Дисенбеков құттықтады.

Полковник Ержан Әбді­қа­­­­­­лықов жауынгерлік қыз­мет кезінде бригаданың әске­ри­ қыз­метшілері үнемі қыл­мыс фактілерін ашып, қылмыс­кер­лер­ді ұстайтынын, ұрланған заттар мен есірткілерді тапқанын атап өтті. Олар сондай-ақ азаматтарға жоғал­ған балаларды немесе бас­қа туыстарын табуға жиі көмек­те­седі.

2023 жылдың бірінші жар­ты­­­жылдығында елордалық брига­да­ның әскери қызметшілері 3 мыңнан астам құқық бұзушыны ұста­ды және полицияға тапсырды. Осы уақыт ішінде олар 80 рет қырағылық­тың жарқын үлгісін көрсетті,
37 аза­­­матты ұстауға көмектесті және 2 800-ге­ жуық әкімшілік құқық бұзушы­лық­тар­дың жолын кесті.

Айта кетейік, жуырда ғана Ұлттық ұлан сарбазы суға батып ­бара жатқан спортшыны құ­т­қар­ған болатын. 21 шілдеде елор­да­дағы «Студенттік саябақ­та»­ қоғамдық тыныштықты бақы­лап жүрген Ұлттық ұланға қарас­ты 5573 әскери бөлімінің әскери жаса­ғы өзен жағасынан өтіп бара жатып, суға тұншығып, көмекке шақыр­ған баланы байқаған.

Әскери жасақ бастығы, қатар­дағы жауынгер Әлібек Ноғаев бұл туралы радиостанса көме­гі­мен патрульдік топтың бастығы қатардағы жауынгер Ахат Ма­таев­қа­­ дереу баяндай салысымен киі­мін шешіп, суық суға секірген.

Белгілі болғандай, 12 жасар бала ескек есу бойынша жаттығу кезінде жел екпінінен каноэсі аударылып, суға бата бастаған. Осылайша, қырағы жауынгерлердің батыл және дер кезіндегі әрекеттері оны ажалдан аман алып қалды. Бала спорттық жаттықтырушы­сы­на табыс­талды. Олар құқықтық тәр­тіп қорғаушыларына алғыстарын айтты.

Қатардағы жауынгер Әлібек Ноғаев пен аталған әскери жасақ­тың­ барлық құрамы елор­далық жедел бригада коман­ди­рінің алғы­сына бөленді.