Алматы қалалық мобильділік басқармасының мәліметіне сәйкес, 3 тамыз күні сағат 23:00-ден 5 тамыз сағат 06:00-ге дейін даңғылдың Әуезов көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі бөлігінің солтүстік бетінде полимерлі асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы шектеледі.
«Жабық жерлерді Әуезов, Шевченко, Сәтбаев, Жароков, Гагарин, Розыбакиев көшелері арқылы айналып өтуге болады. Даңғылды Әуезов, Гагарин, Розыбакиев көшелері арқылы кесіп өтетін жол ашық болады.
Клочков және Радостовец көшелерінен Абай даңғылына оңтүстік бағытта бұрылатын жолда 3 тамыз сағат 23:00-ден 5 тамыз 06:00-ге дейін қозғалыс шектеледі», деп хабарлады басқарма.