Аталған кездесулерге РАТТ мүшелерінен (теологтар, дінтанушылар) – Омаров Т.Г., Укенов А.С., Кеңшілік Т., Қанапиянов Е.Б. тартылды.
РАТТ мүшелерінің қатысуымен Өскемен қаласы, Глубокое, Алтай, Үлкен Нарын, Катонқарағай аудандары, Ново-Поляковка, Майемер, Аққайнар, Катонқарағай ауылдарының мәдениет үйі, өңірлердегі аудан әкімдігі, полиция бөлімі, аудандық аурухана қызметкерлерімен, түзету мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен және т.б қатысушылармен семинарлар және кездесулер өткізілді.
Өткізілген іс-шараларда өңірлердің тұрғындарына Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталғандін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәнітуралы ақпараттар берілді.
Тыңдаушылар тарапынан да РАТТ мүшелеріне бірқатар сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар алынды.